Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

12 қаңтар Туған Торғайын түлеткен Жақан Қосабайұлының туған күні
12.01.21
12 қаңтар Туған Торғайын түлеткен Жақан Қосабайұлының туған күні. Жақан Қосабайұлы — 1941 жылы Жанкелдин ауданы, Станция селосы, Октябрь колхозында дүниеге келген. 1949-53 жылдары Октябрь колхозы орталығындағы бастауыш мектепте 4-сыныпты бітіреді, ал 1953-55 жылдары көрші колхоздағы Киров орталау мектебінен 5-6 сыныпта оқып, 1955-59 жылдары аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы Торғай қазақ орта мектебін бітірген. 1961 жыл Жақан Қосабаев және Торғайдан Есенов Батырханмен Тлеубаев Бозша бар Челябі ауылшаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтына түсіп, 1965 жылы бітіріп шығады. Сол жылы елге келіп, аудан орталығындағы №157 Жанкелдин Кәсіптік техникалық училищесіне оқытушылық қызметіне орналасады. 1966 жылы Ауданның басқару органы Ж.Қосабаевты «Южный» атты кеңшардың автогараж меңгерушісі, 6- айдан кейін бас инженер қызметіне тағайындайды.
Аудандық партия комитеті Ж.Қосабаевты 1967 жылы маусымда, Аудандық Комсомол комитетінің екінші хатшысы етіп сайланады. Сол кезде жастардың жалынды жетекшісі бола жүріп, мектептер жанынан күрес, самбо күрестерінің ірге тасын Торғайда қалаған Қосабаев болатын.
Жақан Қосабаев 1968-73 жылдары Қостанай қаласына қызмет ауыстырып, Қостанайсельстрой тресінде цех- бөлім, басқарма бастығы жұмыстарын атқарды. 1974-75 жылдары Аудандық Партия комитетінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, ал 1976-77 жылдары Ауданның Қызбел кеңшарында Партия комитетінің хатшысы қызметін атқарды.
1978-81 жылдары ауданның Албарбөгет кеңшарының директоры болып жұмыс атқарды. Жақан Қосабаев, маусым 1981 жылы Жанкелдин аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Қаңтар 1986 жылдан, 22 мамыр 1987 жылдары Ж.Қосабаев Торғай облыстық жергілікті өнеркәсіп басқармасының бастығы қызметін атқарды. Жақан Қосабаев 22 мамыр 1987 жылы Жанкелдин ауданы Партия Комитетінің кезектен тыс ұйымдастыру Пленумында І- хатшы болып сайланды.
Жақан Қосабаев аудан билігі қолға алған күннен бастап, күндіз-түні жұмыстарға кірісті. Ауданды көркейту, халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсарту, аулдарда (совхоздар орталығы мен бөлімшелерде) аудан орталығында құрлыс, әсіресе тұрғын үй, мәдени мекемелер , мектептермен бала бақшалар, жол құрылысы, үлкен көпірлер салу, совхозаралық көтерме жолдар кезек күттірмейтін жұмыстар болатын. Ауыл шаруашылық саласы бойынша әр совхоздар бойынша, мал басын өсіру, аман сақталуын қамтамасыз ету, жоспарлы төлдер алу, астық өндіру, уақытымен жоспардағы қаралған мемлекетке астық ет, жүн, сүт өнімдерін артығымен тапсыруға бұрынғыданда қатаң талаптар қойылды. Жақан Қосабаев аудан басшысы болған күннен бастап , облыс және Республика басқару орындарына ерекше мәселелер қойып, көмектер беруін сұрады.
Ж.Қосабаев 1988 жылы желтоқсандағы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің кезекті пленумында мүше болып сайланды. Орталық Комитет мүшесі болған күннен бастап Республика Министрлермен Мемлекеттік Комитеттерге кіріп , ауданға көмек туралы мәселелерді тура қоя бастады. Сол қойылған мәселелердің бірі Торғайда аэропорт салу , арнаулы самолет рейсі болатын. 1989 жылдың сәуір-шілде айларында Жетігара-Әулиекөл аудандары жол салу мекемелері біріншісі 1,8 шақырым, екіншісі 1,2 шақырым асфальт , самолет қону –ұшу алаңы салынды.
1990 жылы Ж.Қосабаев арнайы автокөліктермен делегация жіберіп, Қазақтың алты алашының бірі, қоғам қайраткері, ғалым, жазушы, «Оян,қазақтың» авторы, «Алаш» партиясын ұйымдастырушыларының бірі Міржақып Дулатовтың мүрдесін Корелиядан алдырып, туған топырағы, өзі аттас Дулатов совхозы төріне жерленді. Мұражай үйі ашылып, там салынды, облыс деңгейінде аталған тойға туған қызы Гүлнар Міржақыпқызы мен ғалымдар қатынасты. Ж.Қосабаев 22 наурыз 1991 жылы аудандық Партия, Кеңес комитеттері тарқап, жаңадан басқару органы- Аудандық Совет төрағасы болып сайланды. 1992 жылдың 2 ақпанында Жақан Қосабаев, облыс әкімі С.Кулагиннің шешімімен Жанкелдин ауданы әкімі болып тағайындалды.
Ж.Қосабаев 1- желтоқсан 1992 жылы Облыс әкімі шешімімен Торғай облыстық ауылшаруашылық басқармасы бастығы болып тағайындалды , сол жылы 6 ай өткенде 15 маусымда Облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне жоғарылады.
Ж.Қосабаев, Қазақстан , Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1993 жылдың 22 маусымда Торғай облысының әкімі болып тағайындалды. Ж.Қосабаевтың аудан басшысы кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің екі рет келуі, ауданның барлық шаруашылықтарында, құрлыс саласында, халықтың әлеуметтік тұрмысында үлкен өзгеріс болғанын және көне Торғай қаласының мұншалықты өзгерген келбетіне риза болғаны еді. Ж.Қосабаев басқарған кезде , 1991 жылы Қазақстан және Орта Азия Республикаларының екі дүркін чемпионы Торғайлық, Таңатқан Дүйсекеев атындағы «Топжарған» стадионын салдырды, жалпы халық сиымдылығы 6 мың орындық.
Торғай поселкасы 1984 – 1991 жылдары бес музей үйлері салынып, әр темалар бойынша музейлер қаласы деп аталды. Олар Ы. Алтынсарин музейі ағарту темасында, «Кел балалар оқылық», Ә. Жанкелдин «Өлкетану» революциялық 1916 – 1936 жылдарды қамтыса, А. Байтұрсынов пен М. Дулатов атындағы музей «Алаш» партиясы көсемдері қазақ халқының бостандығын, Шақшақ Жәнібек музейі бұдан 350 жыл бұрын қазақ жеріне және Әбілхаир мен Абылай хандар кезіндегі оқиғаларды баяндайды. Қазақстан халық ақыны, мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұрхан Ахметбеков музейі үйінің темасы ақындық, айтыстар, Нұрхан жырындағы Торғай мен Қостанай жетістіктері мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлік ерлікпен бейбіт кездегі еңбек озаттары мен ерлері тұрады.
1993 жылы шілдеде Ж.Қосабаев аудан әкімі М.Шайкемеловке арнайы тапсырма беріп және қаржыдан көмек жасап, поселка орталығынан Шақшақ Қошқарұлы Жәнібекке музей үйін салдырды және туғанына 300 жыл толуына байланысты Алматы мен облыстардан құрметті қонақтар шақыртып, 40-дан астам ақ үйлер тігілген 400 адам бас қосқан той өткізді.
1995 жылдың 5 қазанында Ж.Қосабаев Торғай облысы әкімі міндетін тапсырып, Қазақстан ауылшаруашылығы, министрінің «механика және материалдық жабдықтау» басқарма бастығы жұмысын атқарды. 1998-2001 жылдары Арқалық ауданына қарасты «Титов» ЖШС төрағасы міндетін атқарды. Кейін Қостанай облысындағы «Қазақавтожолы» мемлекеттік кәсіпорынның мамандар бөлімі басшысы болып қызмет атқарды. Жақан Қосабаев жұмысын атқарып жүріп, 2007 жылдың 8 желтоқсан күні 67 жасында қайтыс болды.