12.01.21
12 қаңтар күні Торғай мұражайлар кешеніне қарасты Ы.Алтынсарин музейінде ел перзенті, Торғайды түлеткен тұлға , өмірден өзіндік орын алатын Жақан Қосабайұлының 80 жылдығына арналған «Ел перзенті » атты еске алу дөңгелек үстел сұхбаты өткізіліп, өмір жолы мен еңбек жолына арналған көрме ұсынылды. Іс-шараға Жангелдин ауданы әкімі орынбасары Бидашев Дінмұхамед Серікұлы , Нұр Отан партиясы Жангелдин аудандық филиалының бірінші орынбасары Сүндетбаев Ғабит Көдебайұлы , ардагерлер «Жангелдин ауданының құрметті азаматтары» Садуақасов Жұмақан , Әбжамалов Тыныштық, Жарасова Ақжібек пен ағамыздың туыстары, қызметтес болған әріптестері мен мекеме басшылары қатысты.
Жақан Қосабайұлының іскерлігі мен басқару ісіндегі өзгеге ұқсамайтын қабылеті, еңбегінің жемісін көріп дара тұлға ретінде көріне бастаған кезде қызметтес болған ағасы Жұмақан ағамыз інісі жайлы естелігін айтты.
Ия, қашанда біздің ел өз перзентінің қадыр-қасиетін бағалай білген, оның еңбегі мен үлгілі істерін өнеге қып мақтанышпен жеткізіп отырған. Жақан Қосабайұлының еліне жасаған елеулі еңбегі мен ісі жайлы туыстары мен замандастарының естеліктері айтылды. Аудан спортына жанашыр , ардагер Ербатыр Сейітқазыұлы, жасөспірімдер арасында жылма жыл турнир өткізіп ел ағасын насихаттауда еңбек сіңіріп жүрген спорт мекемесі басшылары Еренбол Қайырбекұлы мен Әділбеков Қызылбай ағаларымыз қатысып өз ойларымен бөлісті. Кеш соңында сұхбатты жүргізуші музей басшысы Гүлбану Құлетқызы қонақтарға алғысын білдірді.
Қарт Торғай елі қаншама дара тұлғаны шығарған құтты мекен екенін бәрімізде жақсы білеміз. Әркімнің өз елі жер ұйығы демекші, сондықтанда болар осы жер туған өрендер үшін ерекше күш-қайрат беріп балғын жастарды елін көркейту үшін еңбек етуге шыңдайды.
Мейлі батыр, мейлі ақын данасың,
Бәрібірден туған жерге баласың – дей келе бәрімізде осы қарт Торғайдың перзенттеріміз, баласымыз , ел алдында жасап жатқан еңбегіміздің жемісін көріп, аудан экономикасы мен әлеуметін , білімі мен мәдениетін , ағалар салған сара жолмен алға баса берейік. Мерейіміз үстем болып, бір-бірімізді пір тұтып сыйластығымыз арта беріп келешекке деген үмітіміз зор , жас ұрпаққа өнегелі іс, өрелі сөз қалдырайық. Береке-бірлігіміз бен ырыс-байлығымыз ортаймасын!