Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Әбеуов Марат Ертайұлының

13.01.21

Дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Әбеуов Марат Ертайұлының туған күні.

Әбеуов Марат Ертайұлы 13 қаңтар 1958 жылы Жангелдин ауданы Көкалат ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Қарағанды медицина институтын бітірген соң еңбек жолын Амангелді ауданы ауруханасында бастап, 1985 жылға дейін дәрігер, хирургия бөлімінің меңгерушісі болды. 1985-91 ж госпитальдық хирургия кафедрасының ассистенті, 1991-1998 жылы доцент, Қарағанды облысының бас хирургі қызметтерін атқарды. 1998 жылдан Қарағанды медицина академиясының анестезиология, урология және ЛОР аурударына байланысты курстар қосылған жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі болып істейді. Әбеуов 60-тай ғылыми еңбектің, емдеу әдістері мен жетілдірілген жаңалықтардың авторы. Ғылыми зерттеулері аралас аурулар мен жарақаттарды, бауыр мен өт жолдары, асқазан, іш, жамбас ауруларын хирург.жолмен емдеу әдістерін жетілдіруге бағытталған.