Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.
«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы
Әубәкіров Бадырақ
1916 жылы Торғайдың Шилі ауылында туған. Мектептің 4 сыныбын бітірген. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда жұмыс істеген. Әскерге 1941 жылы алынып, Смоленск, Москва қалалары үшін болған айқастардың куәсі. Жауынгерлік медальдары бар. Елге келген соң, 1946 жылдан бастап, әуелі ұжымшарда, кейін «Бестау», «Шилі» кеңшарларында шопан болды. Соғыс ардагері ретінде мерекелік марапаттауда болды.