Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы

Байтұрсынов Тұрсынбек

1918 жылы қазіргі Жангелдин ауданы, Шеген ауылында дүниеге келген. 1939-1940 жылдары Торғай орта мектебінде оқытушы және пионер вожатый болып жұмыс істеді. 1941 жылы алғашқылардың бірі боп Отан қорғауға аттанды. Далалық майданда неміс фашистеріне қарсы ұрыстарға қатынасты. 1942 жылы оң аяғынан айырылды. 1944 жылы елге оралған, мұғалімдік жұмысын жалғастырған, бірақ 1952-1953 оқу жылында арнаулы білімнің жоқтығына байланысты оқытушылық жұмыстан шығарылды. Ауылда кітапхана, байланыс мекемелерінде істеп саяси оқулар жүргізуге қатысты. Ұлы Отан соғысының қатысушысы ретінде атаулы жылдарда мерекелік орден, медаль белгілермен үнемі марапатталып отырды. 1995 жылы 10 сәуір айында қайтыс болды. Артында 3 қыз, 1 ұлы қалды.