Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Қазақ халқының күйші-композиторы Дина Нүрпейісованың туғанына 160 жыл.
Қазақ халқының күйші-композиторы Дина Нүрпейісованың туғанына 160 жыл. Дина Кенжеқызы Нұрпейісова1861 жылы Бекетай құмы, Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Төлеңгіт руынан шыққан. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның бақыты болды. «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» ,«Он алтыншы жыл» ,«Қосалқа» ,«Әсем қоңыр» т.б күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді.