Қазақ халқының салт дәстүрі.
Қазақ халқының салт дәстүрі.
Жиенқұрық (салт).
Қыздан туған балалар жиен деп аталады. Қыз баланы жат жұрттық деп есептегенмен де, жиендерін жат болып кетпесін деп үнемі үйіне қонаққа шақырып, оны тік тұрып күтіп алуды мәртебе санаған. Халық дәстүрі бойынша жиен нағашыларынан қалаған затын яғни жиенқұрық алуға тиіс. Жиен ес біліп, етек жапқан сәттен оны нағашылары қамқорлыққа алып, нағашы атасы оған үйірлі жылқы ішінен бір тай атайтын болған. Оны бәсіре тай немесе «жиенқұрық» деп айтады. Нағашысы жиенінің бетін қайтармай үш рет беруге міндетті. Халық жиенді ренжітпей жиен назасы жаман деп еркелетіп ұстаған. "Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды" деген де сөз бар.