Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Қазақ халқының салт дәстүрі.
Қазақ халқының салт дәстүрі. Әмеңгерлік Әмеңгерлік (салт). «Оған арғынның алты ұлы әмеңгерлік етеді» (Т.Жұртбаев). Халқымыздың бұрыңғы салты бойынша күйеуі қайтыс болғанда оның жесірі «ерден кетсе де, елден кетпек жоқ», «аға өлсе іні мұра» деген қағидамен әмеңгерлік жолмен күйеуінің аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады. Бұл дін жолымен де негізделген. Жесірді басқа жаққа жібермеудің бірнеше әлеуметтік маңызы бар. Біріншіден, әйел де оның балалары да туыс-туғанынан бөлінбейді, ру, ел қауымдастығында бірге тәрбие алады. Өмірде, тұрмыста қағажу, қиындық көрмеу. Екіншіден, жесірдің кетуі сол елге үлкен мін саналған. Егер әйел тиісті әмеңгеріне шықпай, басқа біреуге шығатын болса, бұрыңғы күйеуінің мал – мүлкінен үлес ала алмайды, өз төркінінен келген мүлкімен ғана кете алады. Мұны қазақша «іргеден шығару» дейді.