Қазақ халқының салт дәстүрі.
БҮЙРЕК (салт).
Мұны қазақтар «бүйрек» дейді. (Жас Алаш). Соғым сойғанда үлкенге сыбаға жіберу, соғым басына шақыру ежелгі дәстүрлердің бірі. Сонымен бірге мұндай кездерде жас балаларда ұмытылмайды. Жақын, таныс, көрші адамдар соғым сойғаннан кейін бір-бірінің балаларына әдейі арнап «бүйрек» жібереді. Яғни балаларға лайықтап жүрек, бүйрек араластырып шағын сыбаға жолдайды. Бұл да балалардың көңіл, мерейін өсіретін, ағайын туысты жақындататын халық тәрбиесінің бір түрі.