Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Қазақтың ұлттық киім үлгілерінің ішінен өте жоғарысы — бас киім
Қазақтың ұлттық киім үлгілерінің ішінен өте жоғарысы — бас киім. Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған.Қазақтың «дос аяғына қарайды, дұшпан басыңа қарайды» дейтін мақалы осы жайдан қалыптасқан болу керек. Қазақ әйелдерінің бас киімдері өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді және жасалуының өзіндік ғұрыптық, салттық негізі бар. Қазақ әйелдерінің бас киімдері олардың жасы мен отбасыдағы жағдайына байланысты ерекшеленеді. Жаздыгүні қыздар түрлі-түсті жібек, барқыт, мақпалдан тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек тақыя (тебетей) кисе, қыс маусымында ауқаттылар камшат бөрік киген. Бойжеткендер мен қыздар зере, тақия, төбетай, қарқара бөріктерінің төбесіне үкі таққан, себебі қазақ наным-сенімінде үкі құсы киелі саналады. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл, т.б. бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңді маталардан қабатталып сырылып тігіледі. Ал әйелдердің бас киімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар) қасаба, бүркеніш, шылауыш және т.б.