«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы. Тарих сыр шертеді
Әуезбаев Ақзамиден
1907 жылы Торғай уезінің Албарбөгет болысында туған. Шала сауатты, ауыл молдасынан дәріс алған. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек етті. 1941 жылы ақпанда әскерге Торғайда алынған. Ленинград майданында ұрыстарға қатынасқан. Соғыста жаралы болып, контузия алып елге оралған. Келгеннен бастап әуелі ұжымшарда, кейіннен «Албарбөгет» кеңшарында шопан болды. 1967 жылы зейнетке шықты. 1981 жылы дүниеден өтті. Артында 9 баласы, бірнеше немерелері мен шөберелері бар. Өте діндар, имандылыққа елді шақыратын тақуа ақсақал еді.