Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы. Тарих сыр шертеді

«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы. Тарих сыр шертеді

 

Бірмұқанов Қасен

 

1911 жылы Торғай уезі, Тосын болысында, қазіргі Шеген ауылында туған. Ауылда құрылған серіктестіктер мен ұжымшарда малшы болған. Соғысқа 1942 жылы жазда алынған. Сталинград майданында болған, Белград қаласын азат етуге қатысқан. 1945 жылдың ақпан айында ауыр жарақатталып, госпитальден кейін елге келген. 1946 жылдың жазынан әуелі ұжымшарда, кейін «Торғай» кеңшарында шопан болды. Соғысқа қатысушы ретінде Жеңістің, ССРО Қарулы Күштердің айтулы жылдарында мерекелік медальмен, белгілерінің иегері. Елге танымал шопан болды. 1965 жылы «Құрмет белгісі», ал 1967 жылы Ленин орденімен марапатталды. В.И.Лениннің мерекелік медалін де алды. 1973 жылы наурызда дүниеден өтті.