Торғайдағы ақындық мектепті қалыптастырушылардың бірі Әбіқай Нұртазаұлының туғанына 150 жыл .Кеңес заманында саясатқа қайшы келгендіктен шығармалары жарық көрмеген Әбіқай ақын ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихынан орын алары сөзсіз. Әбіқай ақын 1871 жылы Торғай уезі, Тосын болысында дүниеге келген. Әкесі Нұртаза қажылыққа барған, Торғай мен Ырғыз төңірегіне аты мәлім молда кісі екен.
Әкесінің ықпалымен екі жыл медреседе оқыған Әбіқай кеңінен білім алуға жағдайы болмаған. Соған қарамастан Әбіқай ескіше өте сауатты болған. Кейіненнен 60 жасында балалармен бірге латын әліпбиін үйренген. Әбіқай ақын белгілі-бір оқу орындарында білім алмаса да, өздігінен
талаптанып, үнемі ізденіс үстінде болған. Осынша зеректігі мен зерделілігінің арқасында Әбіқай өлеңдері өте сауатты жазған.
Әбіқай ақын шығармаларын баласы шежіреші, әңгімеші Ахметқан, халық ақыны, Әбіқайдың шәкірті Нұрхан Ахметбеков, жыршы Жүсіпбек Салықовтар арқылы жеткен. Ақын шығармалары “Ленин деп халық жырлайды” деген жинаққа енгізіліп, жарияланған.
Кейін жарық көрген шығармасы – “Тас мешін” дастаны. Ақынның бізге жеткен әдеби мұрасы оншақты өлең, бір мысал, бір дастан және “Өлең туралы ойлар”
деп аталатын қарасөзі. “Байлаулы бұзаудай” еріксіз коллективтендірілген қазақ халқы осы өлең жазылғаннан кейін үш жылдан соң ашаршылыққа ұшырады. Әбіқай ақынның өзі де 1931-32 жылдардағы Торғай өңіріндегі ашаршылықтың құрбаны болды. Ақынның 1921-22 жылдардағы Торғай өңіріндегі ашаршылық туралы жазған
“Тас мешін” атты поэмасы бар. Республикада 2 млн 300 мың адам ашыққан. Ақын баяғы көшпелі өмірді насихаттап отырғанын да түсінуге болады. Ескіше ғана сауатты,
ақ патшаның қанауын бір көріп, 1916 жылғы “маусым жарлығын” бір көріп, 1917 жылғы дүрбелеңнен
кейін үміті енді жана ма деген уақытта сенген кеңес өкіметінің елді отырықшыландырудағы шалағай саясат пен ел бастаған атқамінер азаматтардың түрмеге қамалып, қорлық-зорлық көруі – осының бәрі сұрқия саясаттың түпкі мақсатын сезе білген сұңғыла ақынға өткен еркін заманын аңсап
қиялдаудан басқа жол ұсынбайды.
Әбіқай ақынның 1932 жылы қайтыс болғанын ескерсек, Абайды алғаш танушылардың бірі де Әбіқай болғандығаны да мәлім.
Әбіқай ақынның тапқыр, шешендік сөздері мен нақыл сөздері өзінше бір сала.Әбіқайдың С. Кенжеахметовтің жинастыруымен мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрді.
“Тас мешін” поэмасы кеңес өкіметінің құлайтын кезеңінде 1990 жылы 28 қыркүйекте “Қазақ әдебиеті” газетінде жарық көрді. Әбіқай ақынның шәкірті Қайнекей Жармағамбетов
оның жинағын шығаруға қанша талаптанса да кеңестік идеология мен цензураның кесірінен шығара алмаған екен. Уақ Жұмабай Шалабайұлы, Сейдахмет Бейсенұлы, Есенжол
Жанұзақұлы, Әбіқай Нұртазаұлының шығармаларына қарап отырып, ауыз әдебиеті өкілдерінің бірте-бірте жазба әдебиетке ауысу байқаймыз.