Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Ақын, журналист, аудармашы, драматург, Қазақстан мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Серік Тұрғынбеков 1 наурыз 1946 жылы Жангелдин ауданы Тосын құмы, Төлеген қыстауында туған.

26.02.21

Ақын, журналист, аудармашы, драматург, Қазақстан мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Серік Тұрғынбеков​ ​ 1 наурыз 1946 жылы​ Жангелдин ауданы​ Тосын құмы, Төлеген қыстауында туған.

​Еңбек жолын 1964 жылы  Жангелдин ауданы «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1966 жылы ҚазМУ-нің журналистика факультетіне сырттай оқуға түскен. Алматы қаласындағы Қазақ радиосына қызметке орналысады. 1971 жылы республика құрамында жаңадан Торғай облысы​ ұйымдастырылысымен «Лениншіл жас» газетінің солтүстік​ аймақтағы меншікті тілшісі , Республикалық халық шығармашылығы үйінің фольклор секторына басшылық етті. Қазақ теледидарына орналасып, халық шығармашлылығын насихаттауға белсене араласты, ақындарды теледидар сахнасына шығарды. «Жұлдыз», «Ақиқат» журналдары редакцияларында, Ғ.Мүсірепов атындағы​ Балалар мен жастар театрында, Қазақ КСР Баспасында жауапты қызметтер атқарды. 1985 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін Астана қаласындағы С.Сейфуллин мұражайының директоры болып істеді.

26.02.21

Поэт, журналист, драматург, деятель культуры Казахстана, заслуженный деятель Республики Казахстан Серик Тургынбеков родился 1 марта 1946 года в Жангельдинском районе, в зимовке Толеген.

Трудовую деятельность начал в 1964 году в Жангельдинском районе в газете "Жаңа өмір". В 1966 году поступил заочно на факультет журналистики КазГУ. Поступил на Казахское радио в г. Алматы. В 1971 году в составе республики организовал новую Тургайскую область , стал  корреспондентом газеты «Лениншіл жас» в северном регионе, руководил сектором фольклора Республиканского Дома народного творчества. Устроился на казахское телевидение, активно участвовал в пропаганде народного творчества. Работал в редакциях журналов « Жулдыз» , « Ақиқат», в театре для детей и молодежи им.Габита Мусрепова, в издательстве Казахской ССР. С 1985 года до выхода на заслуженный отдых работал директором музея С. Сейфуллина в г. Астана.