25.02.21
«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы.
Тарих сыр шертеді
Смағұлов Сыздық
1912 жылы Торғайдың Ақкөл ауылында туған. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. 1942 жылы қазанда әскер қатарына шақырылған. Негізінен Украина майданында теміржол батальонында болып әрі жөндеу жұмыстарында, әрі ұрыстарға қатысқан. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» т.б. медальдармен марапатталған. Соғысқа қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілерін алған. Соғыстан кейін «Жаңа тұрмыс» ұжымшарында, «Албарбөгет» кеңшарында жылқышы, кейін ұзақ жыл шопан боп істеді. Еңбек наградалары да бар. 1998 жылы қайтыс болды.
25.02.21
«Торғайлықтар соғыс майданында» - «Отты жылдар шежіресі» циклы.
Тарих сыр шертеді
Смағұлов Жұмағұл
1902 жылы Торғайдың Ақкөлінде дүниеге келген. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Әуелі серіктестікте, кейін ұжымшарда еңбек еткен, суармалы тары егісімен айналысқан. 1941 жылы әскерге алынып, елге тек 1945 жылы оралған. Рязань қаласын алуға қатнасқан. Соғыстан кейін ұжымшарда, кейін «Южный» кеңшарында малшы болып жұмыс істеді. Соғыс ардагері ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль, белгілермен марапатталды. 1990 жылы өз аулында дүниеден өтті.