Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

"Əлемнің анасы - əйел"

6- наурыз күні Ы.Алтынсарин мұражайында "Əлемнің анасы - əйел" атты аналар құрметіне арналған іс- шара өткізілді. Кеш қонақтары əр салада абыройлы қызметімен еңбек етіп жүрген нəзік жанды Аналарымыз. " Ұлын - ұяға, қызын - қияға " қондырған , " Алтын алқа" иегері, 8 баланың анасы , " Алтын құрсақты Ана" Аудандық білім бөлімі қызметкері, 22жыл еңбек өтілі бар есепші Мырзағалиева Гүлжанат анамыз. Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нəрін сусындатып, білімге қанат қақтыратын ұлағатты жан - Ұстаз. Шəкірттерін талай додалардың биік шыңына бағындырып жүрген "Əйел.Ана.Ұстаз" 37 жыл бір салада еңбек етіп жүрген Қабажаева Тамаша. Ауыл мəдениетін арттыру мен дамытуда мəдениет мекелері де еңбек етуде. Кітапхана- мəңгілік парасаттың киелі ғимараты.Кітапханашы- сол рухани қазынаның шырақшысы, əрі ақыл-ой əлеміне жол сілтеуші. Тағы бір қонағымыз Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің кітапханшысы, 5 баланың анасы " Əйел.Ана.Жар'" Шененова Ғалия. Əр отбасының берекесі Ана мен Бала денсаулығы, бақыты.Сəбидің аман -есен дүниеге келуіне үлкен еңбек сіңіріп жүрген перзентхана қызметкері,«Әйел.Ана.Акушер»25 жылдай бір салада еңбек етіп жүрген Əбдуалиева Сəуле аналарымыз. Кеш барысында Аналар отбасы берекесі, Ана мен Бала бақыты, еңбек жолдары жайлы жүрек жарды əңгімелерімен бөлісті.Аналарды мерекесімен Мəдениет бөлімі басшысы Əбжамалов Дастан Тыныштықұлы құттықтады.