Наурыз –жаңа күннің бастауы. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың « Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсетін «Наурыз шуағы» тұжырымдамасы ұсынылды. Наурыз мейрамын тойлаудың тұжырымдамалық тәсілдерінің негізінде қазақ халқының әдет-ғұрыптарын жаңғырту, кеңінен насихаттау мақсатында 10 күн іске асыру тетіктерінің бүгінгі күні «Жоралғы күні ». Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдары,наным-сенімдерінің алатын орны ерекше .
Тыйым сөздер тәрбиенің балбұлағы емес пе? Қазақта тыйым сөздер деген көп қой.Мысалы:аяқ киімді кигенде оң аяғыңнан бастап кию,тәубе айтып жүру,міне,осының бірі-үлкен тәрбие.
Халқымызда «баланы-жастан»деген сөз бар.Бала оңы мен солын танымай жатып-ақ көп нәрсені үйренуге тырысқанымен,кейде белгілі бір нәрселерден тыйып жатамыз.Көп жағдайда,мысалы: «жағыңды таянба», «табалдырықты баспа»деп айтуын айтқаныменбалағаоның мән-мағынасын түсіндірместен, «жаман болады»деп бір ауыз сөзбен шектей саламыз.
Жалпы қазақта тыйым сөздер көп қой.Осы тыйымдардың өзі ертеңгі күнгі үлкен тәрбиенің қайнар бұлағы екенін ұғына білуіміз керек.