Наурыз –жаңа күннің бастауы. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсетін «Наурыз шуағы» тұжырымдамасы ұсынылды. Наурыз мейрамын тойлаудың тұжырымдамалық тәсілдерінің негізінде қазақ халқының әдет-ғұрыптарын жаңғырту, кеңінен насихаттау мақсатында 10 күн іске асыру тетіктерінің үшінші «Шежіре» күні.
Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, руақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді.