18 ақпан күні Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы музейіндеТуған елдің тұғыры биік тұлғасы, жерлесіміз, мемлекет қайраткері, академик, көрнекті ғалым ағамыз Кенжеғали Әбенұлы Сағадиевтің туған күні Н.Г.Иванов орта мектебінің 4 сынып оқушыларына музей сағаты өткізілді. Музейдегі экспозициясына академиктің өмір жолы мен еңбек жолы, адал еңбегімен ғылымның биік шыңына шығып тұрған ғалымдығы , келесі саласы туған елі үшін асқан парасат-пайыммен, перзенттік жүрекпен, абзал адамгершілік қасиетімен атқарған қайраткерлік еңбектері жайында экскурсия жүргізілді.