Ақын, журналист, аудармашы, драматург, Қазақстан мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Серік Тұрғынбеков 1 наурыз 1946 жылы Жангелдин ауданы Тосын құмы, Төлеген қыстауында туған.
Еңбек жолын 1964 жылы Жангелдин ауданы «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1966 жылы ҚазМУ-нің журналистика факультетіне сырттай оқуға түскен. Алматы қаласындағы Қазақ радиосына қызметке орналысады. 1971 жылы республика құрамында жаңадан Торғай облысы ұйымдастырылысымен «Лениншіл жас» газетінің солтүстік аймақтағы меншікті тілшісі , Республикалық халық шығармашылығы үйінің фольклор секторына басшылық етті. Қазақ теледидарына орналасып, халық шығармашлылығын насихаттауға белсене араласты, ақындарды теледидар сахнасына шығарды. «Жұлдыз», «Ақиқат» журналдары редакцияларында, Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жастар театрында, Қазақ КСР Баспасында жауапты қызметтер атқарды. 1985 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін Астана қаласындағы С.Сейфуллин мұражайының директоры болып істеді.