Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

«Наурыз шуағы»

15.03.2021

Наурыз –жаңа күннің бастауы. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсетін «Наурыз шуағы» тұжырымдамасы ұсынылды. Наурыз мейрамын тойлаудың тұжырымдамалық тәсілдерінің негізінде қазақ халқының әдет-ғұрыптарын жаңғырту, кеңінен насихаттау мақсатында 10 күн іске асыру тетіктерінің екінші күні

«Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны»

Мақсаты: Алма мен қызғалдақтың тарихымен таныстыру, әдемілікті сезіне білуге, табиғатты қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны» деген. Алма(лат. malus) — раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі. Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 4—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, Алманың отаны

Алма отанының біздің елімізде орналасуы тек бір ғажайып тұжырым деп ойлаған боларсыздар, дегенмен бұл ғылыми дәлелденген дерек. Оксфордтық ботаника профессоры доктор Барри Джунипер және француз зерттеушісі Кэтрин Пэкс бұған дәлел ретінде генетикалық талдамаға негізделген зерттеу жұмысын ұсынады.

Ғылымдағы бұл жаңалық – батыс зерттеушілерінің көпжылдық ізденісінің нәтижесі. Ғалымдар қазірде белгілі барлық алманың сұрыптарына генетикалық талдама жасап, жер бетіндегі алғашқы және, бәлкім, сол Тауратта айтылатын жұмақтағы алма жемісінің отаны – Қазақстан, дәлірек айтсақ. Алмалы шатқалы екендігін мойындады. Бұл мекен сан ғасыр бойына осылай аталып келеді. Алматы қаласының атауы да осы алма жемісінен шыққандығы баршаға мәлім. Қазақ жері алуан түрлі өсімдікке бай, соның бірі – гүл.

Жетісу өңірінің Алтынемел, Қапшағай, Ұзынағаш, Бақанас аймағы Шу даласымен жалғасып, мамырдың орта шенінен бастап қызыл кілемге оранады. Көздің жауын алатын гүл-көрік көктем мезгілінде қазақ даласының әр аймағын әрлейді. Жердің түкпірлерінде қызғалдақ түрі жеткілікті.Нәзік гүлге сүйсініп,қарап оның шығу тарихы: ғалым Анна Иващенко Қазақстан қызғалдақтары деп Отаны –осы Қазақ жерінде шыққан деп айтқан екен.

Гүл мен тіл

Тіл – тарих, тіл – мәдениет, тіл – ұлттың өзі. Қазақ тілінде гүлге қатысты көнеден келе жатқан сөздер бар. Сарғалдақ, қызғалдақ, қалампыр, т.б. секілді көптеген гүл атауларын айтпағанда, гүлдің табиғатын тап басып, таудан туған «қызыл гүл», «жолыңа гүл бітсін», «қадамыңа гүл бітсін», «он екіде бір гүлі ашылмаған» дейтін тіркестер – сонау көне заманның бізге жеткен танымдық мұрасы. Гүлді тану мен оны бағалау арқылы қазақ тиісті жерінде оны теңеуге, ойды дәл жеткізу құралына айналдырған.Гүл сұлулықтың, нәзіктіктің, тазалықтың символы ретінде ұғымымызда орныққан. Осы таным бүгінге дейін халықтың жан әлемінде жасап, тілінде өмір сүріп келеді.

Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қызғалдақ гүлінің жай-күйін қозғап, оның 35 түрі қазақ топырағында өсетінін ерекше атап өтті.

Қазақстан өз алдына жеке мемлекет болып, алыс-жақын елдермен емін-еркін қарым-қатынас орнатып, осындай алыс-беріс көбейген шақта ғалымдардың зерттеуі бойынша гүлдің әр түрі, сонымен бірге, қызғалдақ та ежелден қазақ даласында өсетіндігі анықталды. Бұған қоса, қазақ жерінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, онда табылған алтын бұйымдарда қызғалдақ суреттері бейнеленгені анықталды. Бұл жәдігерлердің біздің дәуірімізге дейінгі ІІ-ІІІ ғасырға жататыны да көп ұзамай дәлелденді.

Ал Қазақстанға жасаған ресми сапарындаНидерланд ханшайымы Беатриксханым Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгімесінде былай деген еді: «Ұлы Жібек жолы ғасырлар бойы Еуропаны Азиямен, сондай-ақ, Қазақстанды Нидерландымен байланыстырып тұрды. Осы байланыстар біздің елімізге қызғалдақ гүлін әкелді. Қазақстанның даласы мен тауларында жайқалып өсетін бұл гүл біздегі саудада ең өтімді өнімге айналды. Қазіргі кезде қызғалдақ гүлі Нидерланд елінің барынша танылған экспорттық тауары ретінде бағаланады. Ол біздің ұлттық символымыз іспетті. Қызғалдақ – ең үлкен сыйлық. Сол үшін біз сіздің еліңізге қарыздармыз. Қызғалдақ екі мемлекеттің арасындағы қатынастарды гүлдендіретін дәнекер ретінде жайнап өсе берсін!». Мұсылмандар Қызғалдақтыжұмақ гүлінебалайды. Қазақ қол өнерінде де,зергерлік бұйымдарда да қызғалдақ бейнесін әшекейлеген,көп бұйымдарда бедерленген.Сақина, білезік, қамзол қапсырмалары, ағаштан жасалған жиһаздар, көрпе , текемет , алаша сырмақтарда да өсімдіктердің пішіндері , көбінесе қызғалдақ бейнесін салып әшекейлеп, кестелеген.Соңдықтан да қызғалдақ түрі бізге тарихымыздан мұра болып қалған. Бүгінде«Қызыл кітапқа» қызғалдақтың 18 түріенгізілген екен. Қызғалдақтардың түрлері сияқтыгүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Наурыз-мамыр айларында гүл ашады . Барлық түрі 20-25 күн аралығында әдемі гүл жарып тұрады . Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда сабақ басына 1 тал ғана гүл жарады.

Өсімдіктерден пайдалы заттар аламыз, ал таза ауа үшін тигізер пайдасы ерекше.Көптеген қызғалдақтардың емдік қасиеттері бар. «Өсімдіктер әлемі-жер дүниенің сәні мен әні.