Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін 18-наурыз – «Игі істер күні»

18.03.2021 ж

Наурыз –жаңа күннің бастауы. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсетін «Наурыз шуағы» тұжырымдамасы ұсынылды. Наурыз мейрамын тойлаудың тұжырымдамалық тәсілдерінің негізінде қазақ халқының әдет-ғұрыптарын жаңғырту, кеңінен насихаттау мақсатында 10 күн іске асыру тетіктері ұсынылды.

Бүгін 18-наурыз – «Игі істер күні» . Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу — өзіңде барды басқа адаммен шын жүректен бөлісу.Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды . Осы күні «Торғай мұражай кешені» КММ-сі атынан музей ардагері марқұм Нарбаев Серік ағамыздың отбасына мереке қарсаңында қайырымдылық акциясы аясында көмек көрсетілді.