Наурыз –жаңа күннің бастауы. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың « Тәуелсіздік бәрінен қымбат » мақаласында Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсетін «Наурыз шуағы» тұжырымдамасы ұсынылды. Наурыз мейрамын тойлаудың тұжырымдамалық тәсілдерінің негізінде қазақ халқының әдет-ғұрыптарын жаңғырту, кеңінен насихаттау мақсатында 10 күн іске асыру тетіктерінің бүгінгі күні « Зияткерлік күні ». Осы күні Ы.Алтынсарин музейінде мектеп оқушылар арасында " Білгірлер " зияткерлік сайысы өткізілді. Сайысқа Ы.Алтынсарин орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жүсіп Әулетбек, 9 сынып оқушысы Мухамедиярова Эзита , Н.Г.Иванов орта мектебінің 9 сынып оқушылары Жангелова Асель, Қайыржан Гүлдана ,Ш.Уалиханов орта мектебінің оқушылары Қожабекова Айжан, Түбекбайұлы Сәкен қатысты. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру мақсатында өткен іс-шарада сайыскерлер марапатқа ие болды.