Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған.Қазақ зергерлері (зер-зар – парсы тілінде алтын дегенді білдіреді) әрқайсысы жеке-дара жұмыс істеп, өз ұсталығын атадан балаға мұра етіп қалдырып отырды.Қазақ зергерлерінің сүйікті материалы күміс болды. Зергерлік бұйымдары жөнінде сөз бола қалса, бәрінен бұрын, олар қаншалықты сәнді болса, соншалықты жаман нәрселерден қорғау қасиетіне ие болып, сондай мәніне қарай олардың қалып мен ою-өрнек алғанын, жасалынатын материалының да түрліше болғанын ескерген жөн. Күмістің жылтылы мен түсі айға, айдың жарығына баланды.Осындай зергер шеберлігін қайта жаңғыртып жүрген Торғай селосының тұрғыны Радик Зәуірбекұлы.
24.03.2021