31.05.2021 ж
31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық.
"Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды.
Анықтама мәліметтеріне сүйенсек, 1921 мен 1954 жылдары бұрынғы Кеңес Одағында сотталған адамдардың саны 3 млн 777 мың адамға жеткен. Олардың ішінде 642 мың адам өлім жазасына кесілген. Қазақстанда осы уақыт ішінде 103 мың адам саяси қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам атылған.
Тарихымызда қасірет пен қанды өксіктің жылдары боп қалған 31 мен 37 жылдардың әділетсіздігі, зорлық-зомбылығы, өртеніп аққан жасындай өмірдің көз жасы, шындықтың шырқырауы – міне, отаршылдық тепкі мен ұлттық езгінің «жауабы» осындай. Сол кездегі аласапыран заманның көкжал толқының тұла бойыңмен сезіну үшін олардың артында қалған қара сөзін оқудың өзі жетіп жатыр.
Сонау 1937-38 жылдар қанды қырғын кезеңі деп аталатыны белгілі. Себебі, сол бір сүрең жылдары «ұлтшыл» деген айыппен Ахмет, Сәкен, Мағжан сынды біртуар азаматтар қыршын кеткен болатын.
Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы әдеби мұражайының алдында орналасқан қуғын –сүргін заманының тарихта өшпес аты алған қазақтың алаш айбындыларының рухына тағзым етіліп гүл шоқтары қойылды.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/706-b-gin-sayasi-u-yn-s-rgin-rbandaryn-eske-alu-k-ni.html#sigFreeId5ffbf2872c