Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

13.06.21 ж
Бүгін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, сазгер Сәуекенов Бақытжан Дәуренұлы 70 жаста. Бақытжан Сәуекенов - 13 маусым 1951 жылы Торғайда дүниеге келген. Ақтөбе мәдени- ағарту училищесінің қазақ халық аспаптары бөлімін бітірген (1971). Еңбек жолын Н.Ахметбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі болып бастап, кейін директоры болды. Осы мәдениет үйінің жанынан ұйымдастырылған этнограф.- фольклорлық «Ғасырлар пернесі» халық ансамбліне жетекшілік етті. Ансамбль Мозамбик, Сирия, Ирландия, Ресей,, Украина мемлекеттерінде өнер көрсеткен. 1994-96 ж. Торғай облысының Қима ауданы, Қостанай облысының Таран аудандары мәдениет үйлерінің директоры болды. 1988 ж. Сәуекеновтердің отбасылық ансамблін құрған. Сазгердің «Анама», «Достар вальсі», «Шопан жыры», «Домбыра», «Арайлым менің», «Туған жер - Торғайым», «Қазыналы Қостанай», т.б. әндері халық арасына кең тараған. Бірқатар әндері күйтаспаға жазылған. Сазгердің «Қазақ қызы», «Ағасы бар інілер бақытты», «Анажан», «Арқалығым менің», «Туған жер- Торғайым» әндері 2007 ж. баспадан шыққан «Торғай әуендері» (құрастырған Қ.Деріпсалдин) жинағында жарияланған. С. 2006 жылдан Меңдіғара а. мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болып істейді. Одақтық, респ., обл. өнер байқауларында бірнеше рет жүлдегер атанған. 2006 ж. Қостанай обл. жомарттар клубының «Қазына» сыйлығын алды. Құрметті Бақытжан Дәуренұлы! Бүгінгі мерейлі 70 жасыңызбен шын жүректен құттықтай отыра, Сізге деніңізге саулық, шаңырағыңызға ырыс, бақ-береке, абыройыңыз әрдайым артып, ұзақ ғұмыр тілейміз. Құрметпен «Торғай мұражайлар кешені» басшысы Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы және ұжымы.