Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

12.07.2021 ж
Қазақ халқының ұлы перзенті ,суырып - салма ақыны Жамбыл Жабаевқа 175 жыл. Жамбыл Жабаев Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанында дүниеге келген.
Ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған.
Жамбыл шығармашылығының шарықтау шегі тоқсан жастан асқан шағына тура келеді. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақстанның онкүндігінде шымылдығын Жамбыл ашып, 360 өнерпаз барған бұл мәдениет күндерінде өнер көрсеткен. Жыр алыбы Еңбек Қызыл ту ордені, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған.
Өз ғұмырында көптеген ақындармен айтысқан. Жамбыл Сүйінбай ақынды өзіне пір тұтып, Кенен Әзірбаевты шәкірт еткен.
1945 жылы 22 маусымда Алматы облысының Ұзынағаш елді мекенінде 99 жасында Жамбыл Жабаев дүниеден өтті.