Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

23.07.2021 ж

 

22 шілде күні Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыстары туралы облыстық комиссияның көшпелі отырысы өтті. Жиынға Қостанай облысы әкімнің орынбасары Есімова Бақыт Амангелдіқызы мен Қостанай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Жұрқабаев Марат Кенжебекұлы қатысып, Арқалық қаласы әкімшілігінің және Арқалық, Амангелді, Жангелдин ауданындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы комиссия мүшелерінің және жұмыс тобы өкілдерінің 6-айда атқарған жұмысы туралы ақпараттары мен ұсыныс, пікірлері тыңдалды. Торғай мұражайлар кешенінің музей басшысы Г.Сәрсекей, Арқалық қаласы музейінің ғылыми қызметкері Сағынтаев Батырлан баяндама жасады.