Бүгін қазақ халқының жанашыры,мәдениет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты Өбекәлі Жәнібеков ағамыздың туғанына 90 жыл. Өзаға 1931 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданына қарасты «Сарықамыс» ауылында дүниеге келген. Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. Өзағаң еңбек жолын ауыл мектебінде ұстаздық етуден бастаса, кейін әртүрлі басқару мекемелерінде қызмет атқарады. 1977-87 жылдары Қазақстанның Мәдениет министрінің орынбасары, 1987-88 жылы Мәдениет министрі, 1988-91 жылдары Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің хатшысы қызметін атқарды. Өзағаның бастамасымен көптеген этнографиялық мұражайлар ашылды, тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген «Арқас» қоғамы құрылды. Ол Торғайда «Шертер», «Ғасырлар пернесі», Алматыда «Сазген», «Адырна», «Алтынай» ансамбльдерінің құрылып, демеуші болды. Өзбекәлі Жәнібековтің еңбегі жыл өткен сайын құндылығы арта түсуде.
28.08.2021 ж