Торғай даласының қырандары текті ұрпақ Бірімжановтар әулеті биыл мерейлі жылдарға толмақшы. Оның ішінде:
Қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, қазақтан шыққан тұңғыш заңгерлердің бірі , Торғай облысынан 1906-1907 жылдары Ресейдің І және ІІ Мемлекеттік Думаларына депутат болып сайланған Ахмет Бірімжановқа 150 жылдығы, Алаштың жас қыраны, «Алаш» партиясының бағдарламасын жасаушыларының бірі, қазақ көсемсөзінің таланты Ғазымбек Бірімжановқа 125 жыл және көрнекті ғалым-химик, республика жоғары білімі мен ғылымының ірі ұйымдастырушысы, шығармашылықтың шыңы іспеттес болған Батырбек Ахметұлы Бірімжановтың 110 жылдығы.
Қазақ халқының өшпес тарихында зор үлес қосып, ғылымының дамуына тірек болған жандар. Ұлт үшін тұтас бір әулеттің қызметі тарих беттерінде, ер есімдері ел жадында мәңгілікке мұра.
«Бірімжановтар дәуірі».