Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені» КММ-сі , «Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-сі және «Жангелдин ауданының тілдерді оқыту орталығы»ММ-сі ұйымдастыруымен «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға конференциясы ZOOM-платформасы арқылы онлайн форматында өтті.
Құттықтау сөзімен аудан әкімінің орынбасары Алматов Еренбол бастап, арнайы «Жангелдин ауданының тілдерді оқыту орталығы»ММ-сінің дайындауымен бейнеролик қойылды. Конференцияға Ахмет Байтұрсынұлы мұражай – үйі жанынан ашылған «Тіл – Құрал» оқу-әдістемелік , ғылыми зерттеу орталығы директоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты Имаханбет Райхан Сахыбекқызы – «Ахмет Байтұрсынұлының ата-тегі» ; Ш.Шаяхметов атындағы республикалық тілдерді үйлестіру-әдістемелік орталығының басшысы, филология ғылымының кандидаты -Тілешов Ербол-«Ахмет Байтұрсынұлы және ұлт руханияты», Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті филология факультеті қазақ тілі бөлімі кафедрасының профессоры, филология ғылымының докторы Жалмаханов Шапағат Шарапатұлы – «Ахметтану аспектілері» тақырыпта баяндамалары оқылды. Конференция барысында Нұр Отан пратиясы Жангелдин аудандық филиалының бірінші орынбасары Сүндетбаев Ғабит Көдебайұлы құттықтады. Конференция модераторы Сәрсекей Гүлбану қорытындылап, аяқтады.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/784-03-09-2021-zh.html#sigFreeId38a1223212