Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

22.10.21ж.

Музей қорына ғалым Кенжебай Жұмаш Ерекешұлының «Қалған іздер» естеліктер кітабы түсті. 2018 жыл Алматы «ОНОН» баспасынан шыққан. Жинақта Торғай өңірі мен қазақ даласы тарихы, автордың балалық шағынан есею жылдарына дейін қамтылған.Өз өмір өткелдерінен бастап, үлкен тағдырға ұласқан ғылымда ауылшаруашылығына тигізген ерен еңбегі баяндалады. Жинақ ел мүддесі үшін ғылым мен еңбекті ұштастырған Жұмаш Ерекешұлының өмір жолын үлгі тұтан жас ұрпаққа, сөз қадірін ұғатын оқырман қауымға арналған. А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы музейіндегі экспозициясы бір еңбегімен толықты. Музей қорына тапсырушы ұлы Қайырбек Жұмашұлы.

КЕНЖЕБАЕВ ЖҰМАШ ЕРЕКЕШҰЛЫ–5.01.1934 жылы Жангелдин ауданы Бестау ауылында туған. Ғалым- биолог, ұстаз, биология ғылымдарының кандидаты (1972). Еңбек жолын 1961 ж. Абай атын. Алматы пед. ин-тын бітірген соң Алматы обл. Нарынқол ауд. «Сарыжаз» ұжымшарындағы орта мектепте пәндерінен дәріс берген. 1963 ж. Қазақстан ҒА Зоология ин-тына лаборант болып орналысып, 1963-66 ж. осы ин-ттың аспирантурасында оқыды. 1972 ж. канд. диссертация қорғады. 1980 ж. бәсекелестік байқауда үздік шығып, Алматыдағы Оба ауруларына қарсы күресу ғыл.-зерт. ин-тына аға ғыл. қызметкер болып орналасты. Ғалым осы кезеңнен бастап Қазақстан ормандарында тіршілік ететін ақтиын биологиясы мен экология мәселелерімен айналысты. Ин-ттың сүтқоректілер зертханасының паразитология зертханасына ауысып, қосқанатты қансорғыш тасшыбын насекомдарын зерттеумен шұғылданды. Ғалымның 200- ден астам ғыл.еңбегі жарық көрген.