«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ «Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені» КММ Жангелдин ауданының әкімдігі -нің ұйымдастырумен Химия ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі, Халықаралық Педагогикалық Білім беру Академиясының мүше-корреспонденті, Халықаралық Инновациялық «СКОЛКОВО» Орталығының эксперті Оразхан Аймақұлының 80 жас мерей тойына арналған ZOOM-платформасы арқылы «Жаратылыстану ғылымының болашағы» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға мерей той иесі Оразхан Аймақұлы, Жангелдин ауданы әкімі Шота Сәбитбекұлы, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы өкілі Салтанат Сапарғалиқызы, мәдениет қызметкерлері мен қатар мекеме басшылары, Ы. Алтынсарин мектебінің ұстаздары қатынасты. Құттықтау сөзімен аудан әкімі Шота Сәбитбекұлы сөйлеп, Жангелдин ауданы Құрметті азаматы лентасы белгісі тағылды.«Торғай мұражайлар кешені»басшысы Сәрсекей Гүлбану қатысып,құттықтау сөз сөйледі. Конференцияда профессор Оразхан Аймақовтың оқушылары мен әріптестері құттықтап, баяндамаларымен қатынасты.Кеш концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/839-23-10-21zh.html#sigFreeIdc31402bac3