Жерлесіміз, жазушы-журналист, Торғай кентінің құрметті азаматы Әлім Қайсар 75 жасқа толды. Мерейлі жасыңыз құтты болсын!
ӘЛІМ ҚАЙСАР - (9.01.1947 ж.т., Жангелдин ауданы Саға ауылы) – Астана қаласының еңбек сіңірген қайраткері. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі ин-тының Алматы бөлімшесін (1971), Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін (1948) бітірген. 1969 ж. Қостанай обл. «Коммунизм таңы» газетіне жұмысқа шақырылды. 1990-97 ж.респ. «Егемен Қазақстан» газетінің Торғай облындағы меншікті тілшісі болып істеді. Облыс жабылған соң Ақмола обл. «Арқа ажары» газетінде тілші, 1998- 2000 ж. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде бас маман болып істеді. 2000 жылдан «Егемен Қазақстан» газетінде қызмет атқарады. 16 кітабын баспадан шығарды. 2007 ж. 8 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Алаш ардақтысы М.Дулатовтың мәйітін Карелиядан әкеліп, 57 жылдан соң туған жері Торғайға қайта жерлеу экспедициясының (1992) басы-қасында болған Қайсардың қаламынан «Мұңды сапар» атты тағылымы мол хикаят туды. 1998 ж. Қазақстан Журналистер одағы М.Дулатов атын.сыйлығының иегері атанды.