Тілші, ғалым, филология ғылымдарының докторы Сапарғали Омарбековтың туғанына 95 жыл. (15.01.1927, Жангелдин ауд. Торғай – 10.01.2003, Алматы ) - Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1956). Еңбек жолын 1942 ж. Торғай а. кеңесінің хатшысы, ұжымшар есепшісі болып бастаған. 1946-51 жж. осы ауылдағы мектепте сабақ берді, оқу ісінің меңгерушісі болды. 1951-99жж. Аралығында Қазақ КСР ҒА-ның «Хабаршы», «Хабарлар» журналында жауапты хатшы, Тіл білімі ин-тында аға ғыл. қызметкер, ғалым- хатшы, бас ғыл. қызметкер болып істеді. Ғыл. еңбектері негізінен қазақ тілінің тарихи- салыстырмалы жүйесі мен геогр. лингвистика мәселелерін зерттеуге арналған. Ғалым 1992-96жж. Қазақстанның көрнекті ғалымдары үшін белгіленген мемл. стипендия алып тұрды.