Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Наурыз мерекесі шеңберінде 18 наурыз күні - Құрмет күні
Наурыз мерекесі шеңберінде 18 наурыз күні - Құрмет күні. Қазақ әйел затын ерекше қадірлеген. Өмірдің ащы-тұщысын көріп, ысыла білсін,тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер деген оймен ұлын жел өтіне ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғаның қиығы деп бөркінің төбесіне үкі қадап, үлпілдетіп өсірген Аналарға осы күні құрмет көрсетелді.
Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі аналардан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі – бала үшін
Сізден жақын адам бар ма аналар ?! - деп «Қанатты әйел» байқауы өткізілді.
Осы сайысқа Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлестерін қосып жүрген әр саланың бірқатар әйел қызметкерлері қатысты.
Олар аяулы көп балалы аналар: Абдрахманова Жанар Ісләмқызы Орталық аурухана қызметкері, Өсерова Надежда Аждарқызы «Балдырған» балабақшасы қызметкері, Искакова Бакыткүл Маратқызы Ш.Уалиханов орта мектебі қызметкері, Жанғабылова Айгүл Жапарқызы Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі қызметкері, Хамза Әсел Бәйтемірқызы Ы.Алтынсарин орта мектебі ұстазы, Болатова Қуанышкүл Садманқызы Қалам-Қарасу ауылдық округі, Шұбалаң ауылы, Шаймағанбетова Гүлшат Мырзашқызы Аудандық почта байланыс торабы қызметкерлері қатысты.
«Қанатты әйел» қанатын кеңге жайғанда болашағымыз жарқын, олардың қоғамдағы рөлі асқақ болмақ. «Қанатты әйел» байқауына қатысушы абзал жандар аналарымызды үлкен құрметпен көрермендердің ықыласына, қошеметіне бөленді. Осы мереке күні аудан кәсіпкерлері аяулы аналарға атымтай жомарттықтарын, мәрттіктерін көрсетіп демеушілік жасағандары үшін алғыс білдіреміз. Наурыз мерекесі құтты болсын!