Құрметті Гүлбану Құлетқызы!
Сізді бүгінгі мерейлі 55 жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.
Қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірдің бұлтарысы көп, бұралаң ұзақ жолында таңдаған мамандығыңыздың қыры мен сырын шебер меңгеріп, бүгінде Торғай мұражайлар кешені басшысы лауазымында қалтқысыз қызмет атқарып келесіз. Өзіңіз басқарып отырған мекеме ұжымы Сізді еңбекте беделді маман, абыройлы жетекші, қаталдығы мен әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтады.
Жігерлі қалпыңыздан таймай, әлі де талай асулардан аса беріңіз.
Тарихтың қойнауында елдің тарихын паш етіп, өскелең ұрпаққа өзініздің біліміңізді сарп етіп жатқан еңбегіңіз еленіп биіктен көріне беріңіз
Еңбегіңіз жаңа берсін.
