Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Социалистік Еңбек Ері Әбжан Тұрмановтың туғанына 140 жыл
ТҰРМАНОВ ӘБЖАН – (1882-1967 жж) Жангелдин ауданының Сталин колхозында дүниеге келген. Алғашқыда жерді бірлесіп өңдеу серіктестігінің мүшесі болса, бұдан соң «Қызыл қоға» ұжымшарының белді еңбеккері болды. Торғайдың жас өркендері ұйымдастырған сауатсыздықты жою оқуларында сауатын ашты. Әуелі «Қызыл қоға» кейіннен іріленген Сталин атындағы ұжымшарда шопан болды. 1947жылы бекітілген 606 бас аналықтан 730 қозы алған. Еңбегі жанып еліміздің ең жоғары лауазымы «Социалистік Еңбек Ері» деген атағына 1948 жылы ие болды.