НАРЫМБАЕВ ХАМЗА – (1882-1967 жж) Жангелдин ауданының Тосын өңірінде дүниеге келген. 60 жыл еңбек еткен. Еңбек жолын серіктестіктерде бастаған. 1938 жылдан бастап «Тамқамыс » ұжымшарында шопан болды. Ол өз ауылының талай жастарын қойшы еңбегінің қыр-сырына баулыды.Ауыл азаматтары қанқұйлы жаумен айқасқа кеткенде егделігіне қарамастан бала- шаға, келін- кепшіктермен қосыла еңбек етіп,ел ырыздығын ортайтпау үшін барын салған .1946-1947 жылдары Хамза ақсақал қой бағып, қозы өсіріп,жүн тапсырудан Республика бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізген еді.1948 жылдың 23 шілдесіндегі ССРО жоғары Кеңесі Президиумының жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ақсақал мәуелі бәйтеректей ұрпақ өсірген әулеттің басы.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/888-sotsialistik-e-bek-eri-khamza-narymbaevty-tu-anyna-140-zhyl.html#sigFreeId14642e4025