Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бата аяқ (салт). Ұлдың атасы «бата аяқ» деп бір түйе, бір жылқы жібереді
Бата аяқ
Бата аяқ (салт). Ұлдың атасы «бата аяқ» деп бір түйе, бір жылқы жібереді.
(Ә.Диваев). Құда болған кісі екі жақтың келісімінен кейін жігіттің әкесі қыздың
ауылына келіп «бата аяқ» өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды. Осы
жолы екі жақ тойды өткізу мерзімі, кәде сыйлықтар, жөн-жора, қалың мал жөнін де келіседі. Мұны «баталасу» дейді. Батаның екі түрі бар:
1. Кесімді бата жасау, мал мөлшері, той уақыты, шығын мөлшері: алыс-беріс,
келу-кету т.б.
2. Кесімсіз бата – мал саны, мүлік мөлшері кесілмейді. Жағдайға, уақытқа
қарай кейін белгіленеді.
Ауқатты, елге есімі белгілі адамдар құдалығында «бас жақсы», «орта жақсы»,
«аяқ жақсы» деген ірі бағалы кәделер болады.
Бас жақсыға – боталы түйе, құлынды бие, жағалы киім, бағалы бұйым, алтын, күміс жамбылар жатады. Орта жақсыға – ең жақсы түйе не ат.
Аяқ жақсыға – ат, сиыр, қой т.б. жатады.
Сейіт Кенжеахметұлы
Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті