Құрметті әріптестер! Сіздерді 18 мамыр Халықаралық музей күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Музей – кешегі тарихты бүгінгі күнмен байланыстырып, оны кейінгі ұрпаққа ұлықтайтын, сынаптай сырғыған уақытты пайдалы өткізуге, таным көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік беретін əмбебеп орталық. Əр музей өз алдына бояуы қанық, айтар ойы анық өзгеше бір əлем. Музейдің ішкі бай атмосферасы бар ерекше әлем, мәдениет пен тарихтың оазисі екенін түсінетіндер үшін мереке, бұл - Музейлер күні.
Біздің тарихымызды болашақтың кепілі ретінде сақтаушылар, Қымбатты музей қызметкерлері – мерекелеріңізбен!
Игі тілекпен Музей басшысы Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы
