Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін 27 мамыр күні гидротехник, қоғам қайраткері, жерлесіміз Қыпшақбаев Нариман ағамыздың туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!! Деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз
Бүгін 27 мамыр күні гидротехник, қоғам қайраткері, жерлесіміз Қыпшақбаев Нариман ағамыздың туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!! Деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз
ҚЫПШАҚБАЕВ НАРИМАН - (27.05.1934 ж.т., Жангелдин ауд. Қызбел а.). Қазақ Республикасының еңбек сіңірген гидротехнигі (1980). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген (1958). Еңбек жолын Түрген өз-н бақылайтын су маманы ретінде бастап, 1958-60 ж. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданаралық суландыру жүйесі басқармасы су пайдалану бөлімінің бастығы, 1960-69 ж. Қазақ КСР Мелиорция және су шаруашылығы министрлігіндегі аға, бас инженер, бөлім бастығы, 1969-74 ж. Семей обл. кеңесі Мелиорация және су шаруашылығы басқармасының бастығы, 1974-81 ж. министрдің орынбасары, Қазақ КСР-ның Су пайдалануды реттеу және қарғау жөніндегі бас мемл. инспекторы, 1981-88 ж. Қазақ КСР Мелиорация және су ш. министрі, 1988-96 ж. министрдің 1-орынбасары, ҚР-ның су қорлары жөніндегі мемл. к-тінің төрағасы, Орт.Азия мемлекеттерінің су мәселелері жөніндегі ғыл. –ақпараттық орт. бөлімшесінің директоры сияқты жауапты қызметтерді атқарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған (1985-90), екі мәрте «Құрмет белгісі