Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Арқалық музейінің біз туралы жазғаны

Торғайдың мұражайлар кешенінде

 

Торғайға келіп жеткен экспедиция мүшелерінің алғашқы барғаны нысаны – Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалды-педагоикалық мұражай болды. 1864 жылы Торғайда ашылған алғашқы қазақ мектебінің орнына тұрғызылған мұражай ұлы ағартушының өмірі мен еңбек жолынан мол ақпарат беретін орынға айналған. Ең бастысы – бұл мұражай халықтың ортақ күш-жігерімен, елдің игі ниетімен бой көтерген. Ыбырай жазған оқулықтар, шәкірттерімен түскен фотосуреттер, сол дәуірдің оқу құралдары мен жабдықтары қойылған мұражай ұрпақты оқуға, ойлауға, оянуға үндейтін рухани мектеп іспетті. Ыбырайдың «Кел, балалар, оқылық!» деген үндеуі дәл осы шаңырақтан бастау алып, тұтас ұлттың санасына сәуле түсірген.

 

Ыбырай мұражайынан кейін Ә.Жангелдин музейіне бас сұқтық. Бұл тарихи-мемориалды мұражайы 1984 жылыь дала комиссарының 100 жылдығының қарсаңында ашылған. Мұражайда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтереліс тарихы, азамат соғысы жылдарындағы оқиғалар мен қатар Торғай өңірінің тұлғаларына, қазақ этнографиясына қатысты көптеген құнды жәдігерлер қойылған.